«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы
14 сәуірде облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының конференциясын шақыру туралы» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларының құрамын, қоғамдық кеңестердің құрамын, қоғамдық кеңестердің ережелерін бекіту туралы».
Кездесу барысында күн тәртібіндегі екінші мәселеге, яғни партия филиалдары жанынан кеңестер құруға назар аударылды, бұл кеңестер партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалайтын болады
