Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы онлайн-науқанын бастады

Қайырлы күн құрметті достар! «Nur Otan» партиясы онлайн-науқанын бастады - «Nur Otan»: Бюллетеньде екінші! Өмірдегі бірінші!

Партия мүшесі ретінде мен акцияны қолдаймын және сіздермен өз ойларыммен бөліскім келіп, еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі«Nur Otan» партиясының жетістіктері туралы айтып бергім келеді.

«Nur Otan» партиясы - бұл нақты істер партиясы! Және ол барлық міндеттемелерін орындайды! Бұл үкіметпен бірлескен жұмыс, заң шығару жұмысы, қазақстандықтардың өмірін жақсарту жөніндегі жұмыс! Сайлау кезеңінде партия елдің барлық әлеуметтік маңызды мәселелерін ескере отырып, жаңа бағдарлама әзірлейді және 4-5 жыл ішінде оны жүзеге асырады, ел тұрғындарына толық есеп береді!

Сондай-ақ, менің ойымша, бұл үлкен жетістік - «қоғамдық қабылдаулардың» халық арасында танымал болуы. Әр облыста, әр аудан орталықтарында, әр қалада «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, онда әрбір азамат ең маңызды, жеке мәселелерін шешуге көмек сұрай алады. Соңғы 5 жылда 1,2 миллионға жуық адам қоғамдық қабылдауларға жүгінді. Оның 92% оң шешімін тапты, ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді. Азаматтарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Мәслихаттарының депутаттары, министрлер, әкімдер өткізеді, бұл біздің елдің азаматына жеке өзі сұрақ қойып, проблемалық мәселелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Партиялық бақылау комитетінің тиімді жұмысы. Партия оны аймақтармен тікелей жұмыс жасау үшін құрды. Орындардан шығып, Парламент Мәжілісіндегі партияның атынан шығатын партия мүшелері мәслихаттар депутаттарымен кездеседі. Ынтымақтастықта олар азаматтардың мәселелерін шешеді.

Сончмен, бұл «Jas Otan» жастар қанаты! «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елабасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай - «Jas Otan» жастар қанаты - елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі. «Jas Otan» - болашақ саясаткерлер мектебі. Мен толығымен келісемін, өйткені көптеген танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері«Jas Otan» мектебі мен «Nur Otan» партиясынан өтті. Қазір олар жинақталған тәжірибені қолданып, оны еліміздің әл-ауқаты үшін жүзеге асыруда.

Міне мен өзім үшін осындай жетістіктерді анықтадым. Әрине, олардың саны өте көп, бұл партияның «Қазақстанның басқарушы партиясы» екендігі - бұл халықтың елдің жаһандық мәселелерін шешуге деген сенімін білдіреді.

@nur_otan @baibekbk @jas_otan #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #NurOtan Ereimentau #JasOtan # Tanday2021

0
0
149

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы онлайн-науқанын бастады - Yvision.kz