«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өз жұмысын бастады
Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы басталды.
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, ҚР Парламентінің Мәжілісіне дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру мәселелері қаралатын болады.
Еске сала кетсек, партияның қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысында 24 ашық пікірталасқа қатысушылар анықталған болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша өткен жария дебатқа қатысушы 24 үміткердің 12-сі облыстық партиялық тізімге енгізілсе, қалған 12-сі қалалық партиялық тізімде қалды.
Бүгінгі «Nur Otan» партиясының аймақтық конференциясында облыстық мәслихаттың партиялық тізімінен Мәжілістік партиялық тізімнің үміткерлері анықталатын болады.
* * *
В Уральске началась работа XXVІ внеобчередной конференции Западно-Казахстанского областного филиала партии "Nur Otan".
На повестку дня вынесли следующие вопросы:
об утверждении предвыборной программы партии» Nur Otan " по Западно-Казахстанской области;
о голосовании за кандидатов по итогам дебата в Мажилис Парламента РК;
об утверждении партийного списка по выборам депутатов Западно-Казахстанского областного маслихата от партии» Nur Otan";
об избрании делегатов на внеочередной ХХ съезд партии «Nur Otan» и прочие вопросы.
В конференции принимают участие 125 делегатов из Уральска и всех 12 районов области.
