«Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының кезектен тыс XII конференциясы
10 қараша 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының XІІ конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясының Наурызбай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңесі және партиялық бақылау комиссиясының төрағалары, конференцияның жұмыс органдарының - есеп және мандат комиссияларының мүшелері және басқа делагаттар онлайн режимде қатысты. Конференцияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды: I. Конференцияның жұмыс тобының құрамын бекіту туралы; II. ҚР Президентінің «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі жолдауын іске асыру туралы; III. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының XXVI конференциясына делегаттар тізімін бекіту туралы.




