Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының ХХХ кезектен тыс конференциясы

10 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының ХХХ кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары, партия мүшелері және жастар қатысты. Ісшарада «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ХХХІ кезектен тыс конференциясына 33 делегаттар сайланды. Сондай ақ, «Алматы» аудандық филиалының Саяси кеңес құрамы жаңа партияластармен толықты. «Nur Otan» партиясы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындауға зор үлес қосып келеді. Конференция отырысының соңына қарай күн тәртібінде қаралған сұрақтарға сәйкес қаулы қабылданды. Отырыстың модераторы "Nur Otan" партиясы "Алматы" аудандық филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданының әкімі Бектенбай Есполов болды. Аталмыш конференцияға ковид - 19 (індеті) байланысты сараптамалық тестін тапсырған анықтамасы бар партия мүшелері қатысты.

0
0
100

Осы тақырып бойынша

Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының ХХХ кезектен тыс конференциясы - Yvision.kz