Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті.

Салтанатты жиынға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, штаб мүшелері және «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері қатысты. Сайлау комиссияларында 244 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде облыс бойынша 49, Мәжіліске 3, аудан, қалалар бойынша 195 кандидат тіркелді.

Партия басшылығының тапсырмасы бойынша өңірде сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 70 адам кірді. Олар өңір тұрғындары арасында беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 49 кандидат. Штабтың барлық мүшелері сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.

Сонымен қатар Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кесте қабылданып бекітілді. Партияның аймақтық филиалы басшылығының қатысуымен 465 іс–шара, 58 көшпелі іс – шара өткізуді, 98 917 адамды қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 283 тікелей және 182 онлайн форматтағы кездесулер. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады.

Сонымен қатар, штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ ​ жергілікті жастардың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.

0
0
196

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті. - Yvision.kz