«Nur Otan» партиясы Курчатов қалалық филиалының кезекті ХХV есептік-сайлау конференциясы өтті
Ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні «Zoom» бейнебайланыс режимінде қала әкімі А.Ю. Глазинскийдің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Курчатов қалалық филиалының кезекті ХХV есептік-сайлау конференциясы өтті.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Курчатов қалалық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары қорытындыланып алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды.
Конференция жұмысына 50 делегат қатысты. Партия конференциясында Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Сондай-ақ конференцияда 2021 жылдың 06 мамырында өтетін «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясына делегаттар сайланды.
