"Nur Otan"партиясы Катонқарағай аудандық филиалының кезекті XXIV есеп беру-сайлау конференциясы өтті
2021 жылдың 28 сәуірінде сағат 11-00-да партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ділдар Қалиқан төрағалығымен және аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында сайланған делегаттардың қатысуымен "Nur Otan"партиясы Катонқарағай аудандық филиалының кезекті XXIV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Тумашинов Лұқбек Шабданұлы, Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттары Исабаев Дәулетбек Темірбекұлы, Қалиқан Дамир Қалиқанұлы zoom арқылы конференцияға қатысты. Күн тәртібі: 1. «Nur Otan» партиясы Катонқарағай аудандық филиалының 2019-2020 жылдардағы жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңде арналған міндеттер туралы 2. «Nur Otan» партиясы Катонқарағай аудандық филиалының Саяси Кеңесін сайлау 3. Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының XXV-ші облыстық Есеп беру-сайлау Конференциясына делегаттар сайлау. Конференция қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды. Пандемияны ескере отырып, конференция барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуде.
