«Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті.
2020 жылдың 2 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының саяси кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс онлайн режимде ZOOM платформасында өтті.
Саяси кеңес отырысында қаралған сұрақтар: «Сенім. Диолог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында №2 Орталық сайлау округі БПҰ-ның жұмысы туралы Күршім ауылдық округінің әкімі, БПҰ-ның төрағасы Дүзбаев Сәндібек Сейтбекұлының, «Nur Otan» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауды бағдарламасының «Базалық салаларды дамытудың жаңа стратегиясы» 5.1 тармағының ауданда жүзеге асырылуы туралы Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Батыкенев Слямбай Тукановичтің ақпараттары тыңдалды.
Қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, Саяси Кеңес отырысының қаулысы қабылданды.
Қаулыда «№2 Орталық сайлау округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы - Күршім ауылдық округінің әкімі С.Дүзбаевқа тұрғындардың тілек өтініштерін мерзімінде қарап, шешім қабылдау үшін және тұрғындармен кері байланысты нығайту үшін қоғамдық қабылдау бөлімшесінің жұмысын жандандыру, партия қатарына белсенді жастарды тарту үшін жастармен жұмысты нығайту ұсынылды.
Ал екінші мәселе бойынша Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаев, Күршім аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қ. Қарағызовқа аудан көлемінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде лицензиялық келісім шарт жасасқан кәсіпорындардың жұмысын бақылауға алып, келісім шарттың орындалуын қадағалау, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды әкелу, асыл тұқымды малдарды өсіру бойынша, шаруа қожалықтарына түсіндіру жұмыстарын күшейту, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер алуда, мемлекеттік қолдаулар (субсидиялар) алуда барлық көмектер көрсету ұсынылды. Сонымен қатар Күршім ауданының жер қатынастар бөлімі (Ашимов. Е), Күршім ауданының бас инспекторы (Жұмағалиев. Д. А) тау-кен өндіру өнеркәсібінде лицензиялық-келісім шарт жасасқан кәсіпорындардың жұмысты аяқтағаннан кейін жерді қайта құнарландыру (рекультивациялау) жүргізуді қадағалау, келісім шартсыз жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға заңға сәйкес шара қолдану ұсынылды.
Қабылданған қаулының орындалуына бақылауды ұйымдастыру Саяси кеңес бюросына тапсырылды. Тоқсан сайын есеп беріп отыру ұсынылды.
