«Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының кезекті ХХI конференциясы өтті.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні Күршім ауданы Қ.Тұраров атындағы мәдениет үйінің үлкен залында аудан әкімі Д.З.Қажанов төрағалығымен, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының кезекті ХХI конференциясы өтті.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары қорытындыланып алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды.
«Алдымызда 2021 жылдың 12 ақпан күні аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында беітілген сайлауалды бағдарламасымен осы бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ететін Жол картасын уақытылы сапалы жүзеге асыру міндеті тұр»- деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының төрағасы Д.Қажанов.
Конференция жұмысына 47 делегат қатысты. Партия конференциясында Саяси кеңесінің жаңа құрамы, Саяси кеңес Бюросының құрамдары бекітілді.
Сондай-ақ конференцияда 2021 жылдың 06 мамырында өтетін «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XXV конференциясына делегаттар сайланды.
