ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы күні

Көктемнің алғашқы күні – елімізде қос бірдей мереке. Бірі – Алғыс айту күні болса, енді бірі – «Nur Otan» партиясы күні. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жиылған халықты қос мерекемен құттықтаған «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев партия тарихына және бүгінде жасалып жатқан игі істерге тоқталып өтті. «Биыл «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Осы уақытқа дейін еліміздің ең ірі, жетекші саяси партиясы ретінде саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы, әрі іске асырушысына, белді ұйымға айналды. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет партиямыз партияішілік іріктеу – праймериз өткізді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 99 үміткер «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелді. 90 үміткер праймеризге қатысты. Праймериз қорытындысы бойынша 50 үміткер аудандық және 11 үміткер облыстық мәслихатқа іріктелді. 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттағы 25 мандатқа «Nur Otan» партиясынан 21 депутат сайланып, фракция құрылды. Облыстық мәслихатқа ауданымыздан 3 депутат сайланды», – деді Қ.Байғоджаев.

Кездесу барысында ауданымыздың кәсіпкерлері мен белсенді азаматтарын партия қатарына қабылдап, партиялық билеттері салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген азаматтар «Алғыс хаттармен» марапатталды.