«Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау, кәсіпкерлерге жасалып жатқан жағдайлар, облыс орталығындағы өндіріс орындарының биылғы шығарған өнімі, жалпы қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жұмысын көрсететін индикаторлардың орындалуы жөнінде қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский баяндады. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша биылғы жылдың 10 айында 125.0 млрд. теңгеге өндірістік бағытта қызметтер ұсынылған. Физикалық көлем индексі 144.5 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 56.1 млрд. теңгені құрады. Биыл жаңа 695 жұмыс орны ашылған. Андрей Подгурский бөлшек сауда айналымы, «Бизнестің жол картасы – 2020», кәсіпкерлік картасы жобасына ену мәселелері жайлы баяндады.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Мәдина Хасенова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» тұжырымдамасының іске асуы жөнінде ақпар берді. Өз сөзінде спикер Көкшетау қаласындағы демографиялық жағдай, жастар ұйымдары, жұмыспен қамту, патриотизм және халықтың бірлігі, заңға бағынушылық, жастар арасындағы суицид жайлы баяндады. Бүгінде Көкшетау қаласы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 31 961 адам бар. Бұл қала халқының 20 пайызын құрайды. Жоғары білімі бар жастар саны соңғы онжылдықта 3 есе, орта арнаулы білімі бар жастардың саны 2 есе өскен. Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істеп тұр. Көкшетау қаласында 20-дан астам жастар ұйымдары бар. Олардың қатарында «Жас Отан». «Жас қыран», «Жас ұлан» сияқты ұйымдарды ерекшелеп айтуға болады. Сондай ақ, еріктілер клубтары мен орталықтары белсенді жұмыс істеп келеді. Облыс орталығында экономикалық белсенді 6020 жас адам бар, 157 жас жұмыссыздар қатарында. Мемлекеттік «Еңбек», «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен ауылға» жобалары бойынша жұмыспен қамтылған жастар қатары өсе түскен. Қалалық ішкі саясат бөлімі жұмыспен қамту бағытында белсенді жұмыс істеп келеді. Биыл орталық мамандары 120 жасқа кеңес берген.Қалада 10 әскери патриоттық клубтар мен білім беру базаларында 9 үйірме жұмыс істейді. Олардың мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп әрекет етуде. Есепті кезеңде 12 қылмыс фактісі және 1307 қылмыс жасалған. Соған орай ювеналды полиция бөлімімен бірлесіп жастар ресурстық орталығы 2000 нан астам студентті қамтыған семинар, тренингтер өткізді.Соңғы деректер бойынша биыл өз өзіне қол жұмсаудың 5 фактісі тіркелді. Жыл бойы орталықтың психологтары 123 жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы әкімдігінің жанында жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Бюро отырысында сондай ақ, педагог кадрлардың біліктілігін арттырумен айналысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының директоры Айгүл Омарова ақпар берді.Бүгінгі таңда «Өрлеудің» партиялық бастауыш ұйымында «Nur Otan» партиясына 53 адам мүше. Оның басты міндеті партия жобаларын жүзеге асыру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізу, партияның бағдарламалық құжаттарын талқылау. Сондай - ақ, ұйым «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық шақ», «Ұлы дала елі», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел» партиялық жобаларын да жүзеге асыру жолында еңбек етуде. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады. Бюро отырысында барлық жоспарланған мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
