Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы.

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясыныңөкілеттілік нормасына сәйкес, 2199 партия мүшесінен конференцияға 50 делегат сайланып, одан 50 делегат қатысты. Конференцияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:

1. «Nur Otan» партиясының Исатай ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту туралы;

2. Атырау облыстық мәслихатына Исатай ауданының атынан ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыну туралы;

3. Исатай аудандық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан партиялық тізімді бекіту туралы;

4. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы;

5. «Nur Otan» партиясының Исатай аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясының қарауына ұсынылған мәселелер толық қаралып, сәйкесінше тиісті қаулылар қабылданды. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мурзиев Марат Бисенғалиұлы қорытындылады.

0
0
227

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы. - Yvision.kz