«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы жанынан аудандық сайлауалды штабы ашылды
Желілік кесте бойынша 143 іс – шара өткізу, 15 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Біздің аудандық партия филиалы үгіт-насихат кезеңіне толық дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды.

