«Nur Otan» партиясы Хромтау аудандық филиалыныңкезектен тыс XXX конференциясы

Бүгін Хромтау аудандық «Горняк» мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының Хромтау аудандық филиалылың кезектен тыс XXX конференциясы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды.
1. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Хромтау ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы.
2. «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы.
3. «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
4. Ақтөбе облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы.
Пандемияға байланысты конференция барлық санитарлық талаптар сақталды.
