Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы халықты бір мақсат жолына біріктіріп отыр

«Nur Otan» партиясы халықты бір мақсат жолына біріктіріп отыр

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық маслихат депутаттығына кандидаттыққа үміткерлер ауыл азаматтарының үйлеріне барып канвассинг кездесу өткізді.

Партияға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсіндіріп, Елбасы «Nur Otan» қашанда азаматтық қоғамның көшбасшысы болуы қажет екенін айтты. Өйткені партия үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси, мәдени ұйымдармен тығыз әріптестік байланыс орнатып, олардың пікіріне де назар аударып, ұтымды ұсыныстарға сараптама жасап, барлық күшті бір ортаға біріктіруі қажет. Елбасының айтуынша, бұл жұмысты босаңсытуға болмайды, өйткені, біздің партия елдің болашаққа қадам басуының ядросы болып табылады.

Қазір бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда: Бизнес жол картасы-2020, Жұмыспен қамту-2020, Өнімділік-2020. Біздің азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдаудың 100-ден астам тетіктері жұмыс жасайды. Мұның барлығын біз қоғамға жеткізуіміз қажет.

Қазіргі жастар ақпаратпен толық қамтылған, креативті. Олармен өз тілінде сөйлесу қажет. Сондықтан партия «Электронды партия» жобасын ұсынып, әлеуметтік жүйелерде жұмысын бастады. Бұл өте позитивті сәт. Бұл партияның қоғаммен бірге жаңғырту сатысында, заманауи трендтермен қатар дамитындығын көрсетеді. Патриоттық сезімі терең, рухани байлығы мол жаңа форматтағы қазақстандықтарды тәрбиелеу – Елбасы алға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Ендеше, біздің партияластардың жастар ортасында да беделді қызмет атқаруы қажет.

Құрметті жерлестер! Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының ел дамуында атқарып отырған қызметі зор, болашақта атқарар жоспарлары дажеткілікті. Сондықтан баршаңызды 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын.

0
0
117

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы халықты бір мақсат жолына біріктіріп отыр - Yvision.kz