ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы фракциясының мәжілісі өтті

14 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалында партияның Шардара аудандық мәслихатындағы фракциясының мәжілісі болып өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай ашып, жүргізіп отырды.

Фракция мәжілісінің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:

1. Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісін сайлау туралы;

2.Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, тұрақты комиссиялар төрағалары, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымдарына кандидатураларды талқылау туралы;

3.Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының алдына қойылған міндеттері туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі болып Айдос Сүндетәлі Қалмахамедұлы сайланды.

Екінші мәселе бойынша тұрақты комиссиялардың төрағалығына кандидаттар ұсынылды.

Үшінші мәселе бойынша Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракциясы:

- Бір ай ішінде партия Фракциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудан бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын барлық көрсеткіштерді жылдар бойынша бөле отырып, бекітсін.

- Әр жартыжылдық сайын әкімдіктің аталған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есебі тыңдалсын.

- Барлық әлеуметтік топтармен кері байланыс нығайтылсын, халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізілсін. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау жүргізілсін, мемлекеттік органдардың есептілігі бақылансын.

- Партия филиалының консультативтік-кеңесші органдары іске қосылсын, сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныстары ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыру үшін басқа да алаңдар жұмысқа тартылсын,-деген мәтіндегі міндеттер қабылдады.