Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. Күн тәртібінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын үміткерлерді бекіту мәселесі қаралды.

Баршаға мәлім, былтыр Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олар­дың өздерін осы іске белсенді түрде тарт­қан жөн. Алдағы саяси реформа­лар­дың барлығы халықты мемлекет бас­қару ісі­не кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек», – дей келе ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың қоғамдық пікір сауалдамаларында артқанын айтып, «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткі­зуге болады деп ойлаймын», – деген еді. Енді, міне, бұл іс көп күттірмей қолға алынып жатыр. Елімізде биыл 800-ге жуық ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталады екен. Мұның ішінде біздің ауданнан 10 округ бар. Олар: Ақши, Балтабай, Бәйтерек, Бәйдібек би, Бартоғай, Қаражотоа, Қазақстан, Масақ, Тескенсу және Ташкенсаз ауылдық округтері.

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына партия атынан үміткерлер ұсынуға байланысты өткен кезектен тыс конференцияны «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Әлібек Жақанбаев жүргізіп, жиналғандарға мән-жайды толық таныстырды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес қаулы қабылдады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан 27 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынылды және үміткерлердің партиялық тізімі бекітіліп, тіркеу үшін Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.

0
0
225

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы - Yvision.kz