Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

2021 жылғы 28 қыркүйек күні аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық мәслихаты жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, Жетіген ауылдық округінің әкімі м.а. Қ.Саттарбай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Юсупов қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе - «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы депутаттық фракция мүшесі А.Абдрахманов, Жетіген ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы Жетіген ауылдық округінің әкімі м.а. Қ.Саттарбай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы бөлімінің басшысы А.Юсупов, депутаттық фракция мүшелерінің 9 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жайлы аудандық партия филиалының консультанты Ж.Бекмухамбетова есеп беріп, атқарылған жұмыстар сараланды. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, орындалуы бақылауға алынды.

0
0
226

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. - Yvision.kz