Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan"партиясы Целиноград ауданын дамытудың 7 басым бағытын сайлауалды бағдарламасында айқындады

Ақмола облысының алдыңғы қатарлы аудандарының бірі - Целиноград ауданы. Целиноград ауданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды даму үстінде. Аудан елордаға іргелес орналасқан өзінің бай тарихымен ерекшеленген киелі мекен. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды дамыған жайлы аудан. «Ел іші – өнер кеніші» қасиетті топырақтан әулиелер, еліне қорған болған батырлар, елді бірлікке шақырған билер мен шешендер, қуатты ақындар, қаламгерлер, жазушылар, аудан абыройын асқақтатып, ел мерейін асырған спорт саңлақтары, аудан руханиятына қызмет жасаған мәдениет қайраткерлері, ауыл шаруашылығын түлеткен қаншама еңбек ерлері дүниеге келген. Алқабында егіні жайқалып, төскейінде төрт түлік малға толы қасиетті өңір.

"Nur Otan" партиясы Целиноград ауданын дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҒЫ

1. Экономикалық тұрақты аудан.

2. Жайлы аудан.

3. Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4. Жастарға арналған аудан.

5. Тарих пен мәдениетті дамыту.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7. Қауіпсіз аудан.

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2793097444240352

0
0
134

Осы тақырып бойынша