Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы білім мен ғылымға қатысты өзекті мәселереді талқылады.

Онлайн режимде өткен жиынға ШҚО білім басқармасының басшысы, Білім және ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағасы және кеңес мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 2025 жылға қарай жаңа мектептер салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу және 3. 2 жастан 6 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жыл ішінде ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және осы саладығы жұмысты дамытуға арналған нақты индикаторлар айқындалған. Балардың сапалы біліммен қамтылуы, ұстаздардың ғылыммен еркін айналысуына мүмкіндік жасау партияның басты мақсаты- деді білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Қ.Шаймарданов. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «2025 жылға қарай жаңа мектептер салу есебінен авариялық және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешу» яғни Жол картасының 32-тармағын уақтылы және тиімді іске асыру үшін басшыларға дербес жауапкершілікті бекіте отырып, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту шешімі шығарылды. Білім саласына қатысты сайлауалды бағдарламаның тармақтары облыстық Қоғамдық кеңестің бақылауында болады.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы білім мен ғылымға қатысты өзекті мәселереді талқылады. - Yvision.kz