"Nur Otan" партиясы, барлық сындарлы және саналы қоғамдық күштерді топтастыруы керек.
Жұртшылық елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысқысы келеді. Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс бағытын таңдадық. Еліміздің мәселелерін бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз еттік. Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру, қоғам қолдауына ие, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды бәсекелестік негізінде іріктеу жасадық. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің басқосуында бес жыл ішіндегі атқарылған жұмыс сараланып, праймериздің жеңімпазы енген Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX Съезінің күн тәртібі бекітілді. Қорытындылай кетсек:«Партия Қазақстандықтарды, барлық сындарлы және саналы қоғамдық күштерді топтастыруы керек. Біз бірліктің арқасында кез келген қиындықтан өте аламыз. Әсіресе, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін үйлесімді жұмыс істеген жөн», – деп нактылап келтірді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

