Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында балаларға көмектесті.

Көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін еліміз бойынша кеңсе тауарлары, мектеп және спорт киімдері, сөмкелермен және басқа да қажетті заттар сатып алынды.

Бастауыш партиялық ұйымының мүшелері биыл жалпы сомасы 210 мың теңгеге 30 балаға көмек көрсетті. Ал, еліміз бойынша нұротандықтар жалпы сомасы 593,4 млн. теңгеге 41 558 баланы мектепке дайындауға көмектесті.

«Nur Otan» «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында балаларды қорғау және отбасы институтын қолдау мәселелеріне жіті көңіл бөліп отырады.

Сондай-ақ, аудандық партия филиалының жанында Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау және жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес, аудан бойынша 16 жедел әрекет ету тобы белсенді жұмыс істейді.

#NurOtan #BizBirgemiz

0
0
217

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында балаларға көмектесті. - Yvision.kz