Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur otan" партиясы бағдарламаны іске асыру жөнінде бақылау мақсатымен іс сапарға жіберілді.

2021 жылдың 7 маусым айында "Nur otan" партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесінің Қаулысымен "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілген болатын. Осы Жол картасының іске асыруын бақылау мақсатында Алматы облыстық мәслихатының депутаттары аудан мен қалаларға кестеге сәйкес іс сапарға жіберілді. Осы орайда Ескелді ауданында Алматы облыстық мәслихат депутаттары: Нестеров Константин Михайлович, Шенгельбаев Секенбай Сейтжанұлы іс-сапармен келді. Іс сапар барысында Рүстембеков орта мектебімен Бақтыбай ауылдық округінде салынып жатқан мәдениет үйінің жұмыстарымен танысып қайтты.

0
0
200

Осы тақырып бойынша

"Nur otan" партиясы бағдарламаны іске асыру жөнінде бақылау мақсатымен іс сапарға жіберілді. - Yvision.kz