«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы
Киров ауылдық кітапханасында «Мұражай тарихтан сыр шертеді» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Қарағанды мәдениет үйінің мұражай жетекшісі А.Г.Демченко, мәдениет үйі қызметкерлері және Қарағанды мектеп бала - бақша ұстаздарының қатысуымен өткізілді.
Киров ауылдық кітапхана меңгерушісі шараны ашып, Киров ауылында мектепте, мәдениет үйінде, кітапханада мұражай бар екені туралы, мұражай - тарихымызбен жәдігерлерімізді ұрпағымызға мұра етіп қалдыратын, сонымен қатар өткен және бүгінгі тарихымызды сақтайтын орын екені, ол мұражайда тарихи жәдігерлермен құнды құжаттар туралы мәліметтер алуға болаты туралы толық ақпарат берді. А.Г.Демченко Қарағанды мәдениет үйінде орналасқан мұражай ішінде құнды тарихи жәдігерлер жыл сайын толықтырылып, келген оқырмандар мен балаларға толық ақпарат беріліп, таныстырылып отыратыны туралы айтып өтті.
Оқырмандарға «Менің туған жерім –Қарағанды!» тақырыбында слайд көрсетіліп, тақырыптық папкаларға шолу жасалды.
