Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалы

Зағиптар күні халықаралық деңгейде 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюидің дүниеге келуіне байланысты аталып өтеді. Ол Францияда, Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог.

Әлем 18 ғасырға дейін зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. Ол1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз жеке қаражатына өз үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты.

В.Гаюи соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ғылыми жолға қойды. Ол бедерлі-ұзындықты «унциал» шрифтін ойлап тапты. Олар қатты қағазға бедерленіп түсірілген, бір пішінді ірі әріптер болды. Шрифт жылжымалы болды және ол балаларға қажетті тексттердің мәтінін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Зағиптарға арналған кітапты шығару идеясы сондай-ақ В.Гаюиға тиесілі.

Бүгінде әлемде көзі көрмейтін шамамен 124 миллион адам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 2020 жылға қарай олардың саны екі есеге артады-мыс.

1
0
159

Осы тақырып бойынша