Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы БҚО-тық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының көрнекті тумалары: Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Қадыр Мырза Әли, Ескендір Хасанғалиев, Дәулеткерей Шығайұлы, Қапан Мусин, Нағым Меңдіғалиев, Айтқали Нәріков және т.б. өнер туындыларын насихаттау. Сонымен қатар Батыс өлкесінің ақындары мен жыраулары – әдебиет тарихында есімі аз аталатын, бірақ аймақта кең таралып, күні бүгінге дейін жырлары жатталған шығармашылық өкілдерінінің рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан сарапталды. Батыс өңіріне ғана емес барлық Қазақстан жеріне атағы шыққан жерлестердің туындылары мен еңбектерін БАҚ беттеріне жариялап қана қоймай, арнайы, ресми сайттарға мақалалар жариялап отыру біздің бірден – бір міндет. Бұған дейін ұлттық әдебиет тарихында есімдері белгісіз болып, тек біздің аймақта ғана мәлім болған Сүгір Мырзалыұлы, Зімбіл Тегенбайұлы, Ыбыраш Мырзалыұлы, Есебақ Дауылұлы және т.б бірнеше ақын шығармалары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп арнайы мақалалар берілді. Себебі осы ақындарды жеке зерттеу арқылы Батыс Қазақстан өңірінің ақындық дәстүр ерекшеліктері ашылып қана қоймай, бүкіл қазақ әдебиетіндегі шығармашылық сабақтастығы қырларының кейбір тұстарына тереңірек баруға мүмкіндік туғызды. Қоса айтып кететін бошлсақ, жергілікті БАҚ беттеріне облыстың белді айтыскер ақындардың жетістіктері мен жеңістерін жазып, ақпараттарды да жариялап отыру керек.

Отырыс барысында талқыланған мәселелер кеңес мүшелері тарапынан бақылауға болады.

0
0
220

Осы тақырып бойынша