«Nur Otan» партиясы БҚО филиал-ң ұйым. ақын Ж.Бұлғақовтың Сөз менеджменті атты кітаб-ң таныс-мы өтті
Заман талабына сай сөз саптау өнерін дамытудағы жаңа туынды Жайық жұртшылығына таныстырылды
11 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың "Сөз менеджменті" атты кітабының таныстырылымы өтті.
Шара мақсаты мемлекеттік қызметкерлер және халықпен тығыз байланыста жүрген тұлғалардың, сондай-ақ жастардың көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін дамыта отырып, қазақ тілінің қадір-қасиетін насихаттау. Рухани жиында сондай-ақ, сөз өнерінің асқақ шыңына жету мен қазіргі заманның тілге қатысты ауқымды мәселелері талқыланды.
Карантин талаптарына сай өткен іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, Мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының және Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолла, кітап авторы Ж.Бұлғақов, Қазақ радиосының дикторы, Алтын дауыс иегері М.Бұхарбаев, Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарихшы Ж.Жақсығалиев, белгілі айтыскер ақын Ж.Мусина және өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кітаптың таныстырылымы барысында БҚО әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов Ақжайық жұртшылығы атынан құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда қазақтың сөз өнерін дәріптейтін, заман сұранысына сай жарық көрген құнды туындының қоғам үшін, әрбір азамат үшін берері мол дүние екенін атап өтті.
Ақжайық өңіріне арнайы келген кітап авторы Жандарбек Бұлғақов өз сөзінде сөз ұстаған қазақ халқының қанында бар шешендік өнерді қайтадан жаңғырту, сөз саптау, өз ойын орнықты жеткізу өзекті мәселеге айналып отырғанына тоқталды. Тіпті көптеген азамат копирайтер қызметіне жүгініп жатады, бірақ әрбір адамға қашанда керек қасиет – сөз өнерін меңгеру, сөйлей білу. Кәсіпкерлер үшін келіссөздердің сәтті өтуі де шешендік өнерді жетік меңгеруіне де тікелей байланысты. «Nur Otan» партиясы азаматтардың сөйлеу дағдысын дамыту бағытында арнайы сабақтар өткізуді қолға алды. Осы орайда, «Сөз менеджменті» кітабы әдістемелік құрал ретінде пайданаланылатын болады. Жандарбек Бұлғақов атап өткендей, кітап мазмұнына ерекше көңіл аударылып, "Тойда бата беруден бастап, мінберге дейінгі сөз сөйлеу аясындағы тақырыптарды түгел қамти отырып, «Сөйлеуге дейін», «Сөйлеу барысында» және «Сөйлеуден кейін» деген үш үлкен тарауға бөліп қарастырылды. Ж.Бұлғақов Қадыр орталығында жақында ашылған Мусина мектебінде шешендік өнерді дамытудың қолға алынғанына ризашылығын жеткізді. Одан кейін сөз алған Қазақ радиосының дикторы, Алтын дауыс иегері Мұхамедәли Болатұлы Сырым Датұлының «Сөз атасы - құлақ» деген нақылын талдай отырып, қазақтың сөз өнерінде Қаз дауысты Қазыбек бидің жоңғар қонтайшысымен келіссөз жүргізу мысалымен дәйектей отырып, дауыс пен дикцияның, құлақпен тыңдаудың ерекше рөл атқаратынын айтып өтті.
Тұсаукесер барысында Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев сөз менеджменті мен сөйлеу шеберлігін шыңдауға арналған кітаптың қазіргі қоғам үшін зор маңызын атап өтіп, кітап авторына шығармашылық табыс тіледі.
Шара соңында Жандарбек Бұлғақ «Сөз менеджменті» кітабын оқырмандарына өз қолтаңбасымен тапсырды.
Nur Otan
Бауыржан Байбек
#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021
