«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалында жаңа тағайындау
04.11.2020 ж. аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Марат Тоқжанов филиал ұжымына төрағаның бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға Бибігүл Ахметжанова тағайындалды.
Бибігүл Ахметжанова 1979 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1999 жылы Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін, 2002 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1999-2000 жж. Переметный орта мектебінде тәрбиеші;
2000-2005 жж. Камен мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі;
2005 жылы Зеленов аудандық қаржы бөлімінің аудармашысы;
2005-2015 жж Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;
2015-2018 жж Зеленов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
2018-2020 жж Калинин ауылдық "Достық" үйінің директоры;
2020 жылғы 4 қарашадан «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Жаңа басшыны ұжымға таныстырған аудан әкімі жұмысына сәттілік тіледі.
