«Nur Otan» партиясы бүгінгі күнге дейін халықпен бірге қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.
Ордабасы ауданы барлық уақытта бас партия «Nur Otan» партиясын қолдаған. Елбасымен бірге болған. Алдағы кезде де Елбасының сындарлы саясатын сабақтастырады деген сенімдеміз.10-қаңтар Қазақстан халқы үшін тарихи күн болмақ. Халық өз таңдауын жасамақ. Халық қалаулысы болуға ұмтылған кандидаттар да ел үшін- жер үшін еңбек етуге әзір екендіктерін көрсетіп бағуда.Бүгін Қарақұм ауылында республика көлеміндегі «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар Е.Жанысбеков, Г.Ерімбетов, Ж.Ақылбекова үйден үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарына өз ойларын, ұстанымдарын, тұғырнамасын айтып өтті.Аталмыш акцияда ерікті жастар да белсенділік танытып жүр. Олар үгіт насихат үнқағаздарын таратуға атсалысуда.Бұл ісшара халық арасында дұрыс көзқарас қалыптастырып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.
