"Nur Otan" партиясы ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылу мәселесін оңтайлы шешуіне ықпал етті
Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Абай аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерінің отырысы өткені туралы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Фракция отырысына қатысқан депутат Тулендиев Ерканат Тлеугазыевич ауылдастары өзіне жүктеген «аманатты» аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Мейржан Серікбосынұлына жеткізді. Яғни, Құндызды ауылдағы суағарда (водокачка) техникалық ақаулықтар пайда болып, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуде іркілістер орын алғанын атап өтті. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімдігі тарапнан да тиісті мекемеге хабарлама жасалғанын, алайда жөндеу жұмыстары басталмай тұрғаны туралы айтылды. Мәселенің оңтайлы шешілуін сұраған ауыл тұрғындарының бірінен «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалына өтініш түскені туралы да ескертілді. Мейржан Серікбосынұлы депутаттық сауалды назарға алып, бұл мәселенің шешілуін жеке қадағалауына алатынын айтты. Нәтижесінде, ШЖҚ «Риза» КМК тарапынан Құндызды ауылындағы суағар (водокачка) жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы қалпына келтірілді. Абай ауданының әкімінің орынбасары М.С.Смағұловқа, Құндызды ауылдық округінің әкімі Д.М.Ысқақовқа, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Т.Тулендиевке және ШЖҚ «Риза» КМК-ның директоры Ғ.С.Тұраисовқа ауыл тұрғыдарының күрделі проблемасының жедел және оңтайлы шешілуіне жасаған еңбектері үшін үлкен алғыс білдіреміз.
