«Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутатына үміткер сөзі
Еліміздегі көшбасшы ұйым «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылуымның басты мақсаты елдік мүдені көздеген саяси ұйыммен бірлесіп елге қызмет ету. Алдағы бес жылда елдің әлеуетін көтеретін мақсаткерлік бағдарлама қабылданып отыр. Осынау бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесімді қосуды өзіме парыз санаймын. Сол бағдарламада көрсетілген игіліктерді Индерлік жерлестерім де көруі тиіс деп санаймын. Ел тәуелсіздігін өркендетуге өлшеусіз үлес қосып отырған бас партия осы жолы да өз халқының лайықты дауысына ие болып, үмітті ақтай алатынына сенемін.
