«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Отырысқа аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссия төрағасы А.Ещанов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Айдарбаев, Түпқараған аудандық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Д.Жантуаров, Түпқараған су жүйесі мемлекеттік кәсіпорын директоры м.а Н.Медетов қатысты. Отырыста ауыз су, газ, жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша салынып жатырған жолдар және жылу мәселелері қаралып, құзырлы бөлімдерге тапсырмалар берілді.
