Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan " партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының кездесуі өтті"

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.А. Топоркова, , сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Б. Қарабұзауовтың тұрғын үй саласындағы проблемалық мәселелер бойынша онлайн кездесу өтті. Мердігер ұйым «НұрИнвестГрупп» ЖШС-не Егіндікөл ауылындағы 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мәселелер туындауда. Аталған нысанды бастапқы тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қараша айының үшінші онкүндігі болған. Алайда қазіргі уақытта жұмыстар мерзімдерден кешеуілдеп жүргізілуде. Оның басты себептерінің бірі карантинге байланысты, құрылыс материалдарын уақытылы жеткізбеуі. Сондай-ақ, жұмыс күшінің тапшылығы, сылақшы, сырлаушы, шатыршы тар бейіндегі мамандарды табу қиынға соғуда. Осыған қарамастан, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, жылумен, сумен жабдықтау және кәріздің ішкі желілерін төсеу, шатырды орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында мердігер ұйым үй құрылысын аяқтап, нысанды пайдалануға беруге міндеттенеді. Ауданымыздың тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұрғын үйге кезегінде тұрғандар, сондай - ақ мемлекеттік қызметшілер көптен күткен тұрғын үйге ие болуын күтуде.Ауданның проблемалық мәселелері партия мүшелерінің тұрақты бақылауында

0
0
192

Осы тақырып бойынша

Nur Otan " партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының кездесуі өтті" - Yvision.kz