Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

5.ТАРИХ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Атырауда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады. 19-этномәдени бірлестік пен «Достық үйі» жұмыс жасайды.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- Дәстүрлі өнерді дамыту, ұлттық құндылықтарды көпшілікке тарату жөнінде қазақ ұлт-аспаптар оркестрлерінің конкурстары, дәстүрлі әншілер байқауы, батагөй ақсақалдар мен бесік жырын насихаттайтын әжелер сайысы, «Жігіт сұлтаны», «Ақжайық аруы» жобаларын іске асыруға (жылына 5 шара ұйымдастыру);

- Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін мақсатында бір жылда 4 рет тегін семинарлар ұйымдастыру, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға арнап жылына 30 мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге;

- Жыл сайын100-ден астам мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге қолдау көрсету;

- Қалалық кітапханаға қарасты кітапхана филиалдарынан жыл сайын 2 (екі) бірлік коворкинг орталықтарын құруға жәрдемдесуге;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ұлтымыздың ұлы тұлғалары(Абай Құнанбайұлы, Әбу Насыр әл-Фараби, Әйтеке би, Төлеген Айбергенов, Халел Досмұхамедов, «Ана құдыреті», «Атырау мұнайшылары»)ескерткіштерін орнатуға қолдау көрсетуге;

- Қолданыстағы саябақтар мен алаңдарды жаңғырту (Жеңіс саябағы, Тұрғындар қалашығы мөлтек ауданындағы саябақ, Құрманғазы, Муқашев, Смағұлов, Д.Нурпейсова атындағы алаңдар)және 17 скверлердің құрылысын салуға жәрдемдесуге(Нұрсая, Алмагүл, Авангард, Сарқамыс м/а және Бейбарыс, Молдағалиев, Құнанбаев, Владимирский, С.Датов, Азаттық көшелерінде);

- Ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында қаланың құрамдас бөліктеріндегі идеологиялық тұрғыдан ескірген 25 атауды тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастыруға басымдық беруге (елді-мекендер мен көшелерге атау беру және қайта атау, Самал шағын ауданындағы сандық атаумен тұрған нөмірі 16,19,21,22,23 көшелерін)ықпал етеді.

​Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер!

#nurotan

#jasotan

#jenimpazbol

0
0
123

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді: - Yvision.kz