Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырамыз:

COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады.

Қалада мамандардың тапшылығы байқалады, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар.

«Nur Otan» партиясы әрбір азаматқа Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады.

Ол үшін партия төмендегі шараларды іске асырады:

- Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету;

- Қаланың барлық емдеу–сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау;

- Еліміздің медицина жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қаламыздың интерндері мен резиденттерін жұмысқа орналастыру;

- 2021-2025 жылдары біліктілікті арттыру және жаңа әлемдік тәжірибе алмасу мақсатында 25 дәрігерді (акушер-гинеколог, неонатолог, балалар хирургі, травматолог, анестизиолог-реаниматолог, нейрохирург, онколог, жалпы тәжірибелік дәрігер)шет елдік (Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Ресей, Литва, Беларусь)алдыңғы қатарлы медициналық клиникаларына жолдау;

- Жыл сайын кемінде 1 100 адамды қамти отырып, балаларға арналған мамандандырылған емдік тағам мен дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- 800-ден астам (жасанды тыныс алу аппараты, функционалды травматологиялық кереует, эндоскопиялық хирургиялық видеокешен, цифрлық рентген, лор-комбайндар, наркозды тыныс алу​ аппараты, ультра-дыбыстық зерттеу аппараттары, СРАР назальды аппараты, гистероскопия, биполярлы гистерорезектоскопия жинағы бар видеокешен, отаға арналған үстелдер, жоғары жиілікті электрокоагуляторлар және​ т.б.)медициналық-техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;

- 2025 жылға дейін3 нысанныңқұрылысын аяқтау:

МЖӘ тетігі бойынша 500 төсектік көпбейінді

1 аурухана, «Береке» ш/а 1 дәрігерлік емхана, 2024 жылы:1 дәрігерлік емхана салу.

- 2025 жылға дейін жедел жәрдемге қажетті 53 (30-УАЗ, 23-реанимобиль) автокөлікпен қамтамасыз ету.

Жоғарыдағы іс-шаралар жалпы өлім-жітім көрсеткішін 1000 тұрғынға шаққанда 7,32-тен 7,1-ге дейін, аналардың өлім-жітімін 18,4-ден 18,1-ға дейін, сәбилердің өлім-жітімін 12,56-ден 10,57-ге дейін төмендетуге қол жеткізеді.

Нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын 75,3 жасқа арттырамыз.​

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. #Мусанашвыбор #Мусанытаңдаймыз

Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер!

#nurotan

#jasotan

#jenimpazbol

0
0
162

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді: - Yvision.kz