Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:

7. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Соңғы жылдары Атырау қаласында қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады.

Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықтың төмендеуіне ықпал ету арқылы Атырауды адамдар өздерін одан да қауіпсіз сезінетін қалаға айналуы тиіс.

Партияның міндеті қаланы тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

Қылмыстың (5,5 мыңнан 5,3 мыңға дейін) және жол-көлік апаттарының деңгейін 5 пайызға төмендетуге;

Қаладағы 2,4 мың шақырым құрайтын көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау, қажет болған жағдайда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

775 данадан 1 600 данаға дейін ұлғайту есебінен бейнебақылау камераларын жабу аймағын кеңейтуге;

Төтенше жағдайлардың пайда болуына жол бермеу мақсатында халық арасында кешенді профилактикалық шараларды өткізуге (оқыту, хабардар ету, БАҚ арқылы жұмыс және т.б.) ықпал етеді.

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер!

#nurotan

#jasotan

#jenimpazbol

0
0
126

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді: - Yvision.kz