«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнан үзінді:
Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасаймыз:
Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға бағыттайды.
«Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылымын кеңейтуді мақсат етіп отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
Қала бойынша 8 спорт кешендерінің құрылысы арқылы спорттық инфроқұрылымдарды кеңейтіп, одан әрі дамытамыз:
- 2021 жылы –2 көпфункционалдық спорт кешенін салуға (Химпоселок, Дамба ауылында);
- 2022 жылы – 2 көпфункционалдық спорт кешенін салуға(Ақсай, Бірлік ауылында);
- 2023 жылы –2 көпфункционалдық спорт кешенін(Тасқала, Атырау ауылында) және спорт кешенінсалуға(Еркінқала ауылы);
- 2024 жылы –спорт кешені мен 2 спорт залын салуға (Томарлы ауылы, Геолог ш.а.);
- Қалада жыл сайын 140-қа жуық спорт іс-шаралары (интелектуалдық ойын түрлері, жекпе-жек, жекелей, командалық ойын түрлері, мерекелік күндерге орай спорттық-бұқаралық жарыстар)ұйымдастырылып, 10 000 жуық қала тұрғындары қамтылады.
Осы шаралар нәтижесінде қалада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейі 29 пайыздан 36 пайызды құрайтын болады.
Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
«Nur Otan» партиясына дауыс бер!
#nurotan
#jasotan
#jenimpazbol
