«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVIIІ конференциясы
«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVIIІ конференциясы өткізілді. Конференцияның жұмысына «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 80 делегат қатысты. Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту туралы;
2) Атырау облыстық маслихатына ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыну туралы;
3) Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан партиялық тізімді бекіту туралы;
4) «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Конференция барысында Атырау қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, Атырау облыстық маслихатына ұсынылатын партиялық тізім бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өткізілді. Дауыс беру қорытындылары негізінде ең көп дауыс жинаған облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын 15 кандидаттың тізімдері жарияланып, қалалық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын 33 кандидат бекітілді.
Сонымен қатар, қалалық партия филиалынан Атырау облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттар сайланды.
