ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы қашан да сүрінгенге демеу болып, мұқтаж жандарға қолдау білдіріп келеді.

Партия мұқтажын айтқандардың қолын бос қайтармауға барынша тырысып жатыр. Оған осы уақытқа дейін жүзеге асырылған жобалар мен олардың оң нәтижелері дәлел бола алады. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселелері шешіліп жатқандарына дән риза.

Мұнан бөлек, партия белсенділері тарапынан мұқтаж деп таныған тұрғындарға өз ықтиярлығымен түрлі көмек көрсетілуде. Атап айтсақ мұндай қолдаулар «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» секілді партиялық жобалар шеңберінде жүзеге асуда.

Солардың бірі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы тарапынан әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы аналарға азық-түлік себеттерін үлестіру жоспарланған болатын. Осы орайда партия Жамбыл аудандық филиалы тарапынан жүргізілген зерделеу нәтижесінде, Ақбұлым ауылының тұрғыны, көп балалы ана Джолдасбекова Раушан есімді азаматшаға Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Ералиев Бегалы Ералыұлы азық-түлік себеттерін өз қолымен табыстап аталған мерекемен құттықтап қайтты.

Көпшіліктің көкейдегісін есту үшін халыққа бұрынғысынан бетер жақындай түсуді көздеген партия Жамбыл аудандық филиалы төрағасы мен төрағаның бірінші орынбасары көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүргізіп бастағандығын айта кеткіміз келеді. Қабылдаулар барысында мәселесі шешімін тапқан қанша жанның алғысы айтылуда. Мұндай игі істер әлі де жалғасын табатын болады.