«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық партия филиалының ХХVI есеп беру-сайлау конференциясы
«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық партия филиалының ХХVI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Қаратал аудандық партия филиалының 2019-2020 жылдарында атқарылған жұмысы туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов баяндама жасады. Сондай-ақ конференция барысында Қаратал аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері сайланып, Алматы облыстық партия филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау Конференциясына делегаттар құрамы бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына байланысты партия қатарына қабылдап, партия билеттері табысталды.
