Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті

Жиынға сонымен қатар Алматы облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Жалғасхан Донбаев және басқа да партия мүшелері қатысты. Партияның кезектен тыс басқосуының барлық шешімдері ашық дауыс беру арқылы бекітілді. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы ҚР-ның «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабын басшылыққа ала отырып, күн тәртібі бойынша партия тарапынан Елтай ауылдық округі әкіміне кандидат ұсынуы қажет екенін алға тартты.

Конференцияның күн тәртібіндегі мәселе осымен толық қаралып, алдағы саяси науқанға дайын болу керектігін айтқан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ж.Далабаев делегаттарға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті - Yvision.kz