ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалынды 1-наурыз партия күні аталып өтті

Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы жалпы халықтық іргелі саяси ұйымға айналып, өзін қай салада болмасын бедел биігінен көрсетіп отыр. Бұл ерен еңбек пен мол тәжірибенің көрсеткіші Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Мерекелік жиынға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қарасай аудандық филиалының директоры Орынбай Жанәділ, БПҰ мүшелері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Партияның құрылғанына 22 жыл толуына орай, аудандық партия филиалында салтанатты жиын өтті. Жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Қаныбек Айтжанов ашып, мерекемен құттықтады. Сондай ақ облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаеваның атынан алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар аудандық партия филиалының төрағасы Жандарбек Далабаевтың атынан партияның өркендеу жолында еңбек етіп жүрген азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.