"Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа "Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.Көшенов, аудандық филиал сектор меңгерушісі Р.Бекмолдаев, қоғамдық кеңес мүшесі К.Избергенов, "Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Қалаубаев Айболат және де "ZOOM" желісі арқылы Қарақия аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Махмутов Аманат қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе 2020 жылғы "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында, жүргізіліп жатырған жөндеу және құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы".
Отырыс барысында "Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Қалаубаев Айболаттың баяндамасы тыңдалып, сол бойынша сұрақ-жауап болды.
Жиналыстың қорытындысы бойынша Мердіге мекемелердің жұмысын қадағалау тапсырылды. Құрылыс барысына Партиялық бақылау комиссияларымен бірге мониторинг жүргізу керек деп ұсынылды.
