«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы
«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қостанай облыстық «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінің мүшесі Абай Коспанұлы Мұқанов,«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы, Арқалық қаласының әкімі Қайрат Тынымбайұлы Әбішев, мемлекеттік мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпараттар құралдары өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының XXVІ кезектен тыс конференция жұмысына, квотаға сәйкес 42 делегат сайланды. «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының ХХVIІІ конференциясына Арқалық қалалық филиалынан делегаттар сайланды. Конференция барасында дебат өтіп, қатысқан делегаттар онлайн дауыс берді.


