«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы
«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиаланың партия бақылау комиссиясының мүшесі, Қосымша білім беру орталығының директоры Зауреш Латыпова «Білім беру барысында балалар үйірмелері » тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді. Аталған іс – шараға қосымша білім беру орталығының үйірме жетекшілері қатысты. Қазіргі уақытта барлық үйірме жұмыстары кестеге сәйкес онлайн форматта, аталған мекеменің инстаграм парақшасында үйірмелердің байқауы жарияланып отырады. Семинар барысында, ұстаздар шығармашылық жаңалықтарымен, идеяларымен алмасып, әлеуметтік желі барысында тәжірибелерімен алмасты. Семинардың мақсаты: онлайн форматта үйірме жұмыстарының әдістемелік жағынан дұрыс құрып, жоғары дәрежеде өткізу- деді Зауреш Латыпова.

