«Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелерімен онлайн отырысы
16 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелерімен онлайн форматта отырыс өтті. Отырыс барысында аудандық филиалдың 2020 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы тыңдалды және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалдың алдағы мақсаты мен міндеттері талқыланды. Отырыс барысында №37 мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы, ЖК "Жапаров" директоры Жапаров Қуат Қасымбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік Сарайы" МКҚК директоры Рыскалиев Болат Құлмұханұлы, ЖК "Үміт" директоры Жарова Майра Жарқызы, №11 қалалық емхананың бас дәрігері Сагындыков Жаңалық Карипуллаұлы және т.б. кеңес мүшелері қатысып өз пікірлерін білдірді.
