Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXV конференциясы өтті

Осыған дейін Алмалы ауданына қарасты барлық 120 бастауыш партия ұйымдарында 6909 партия мүшелерін қамти отырып, аудандық конференцияға делегаттарды сайлау жөнінде партиялық жиналыстары өткізілген болатын. «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXV конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес конференцияға 70 делегат сайланды. Офлайн 15 делегатжәне ZOOM платформасы арқылы онлайн 50 делегат қатысты. Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының XXVI конференциясына делегаттарды сайлау. Екіншісі, «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы. Пандемияны ескере отырып, конференция барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXV конференциясы өтті - Yvision.kz