«Nur Otan» партиясы аграрлық сектор бойынша мәселелерді талқылады
24 тамыз күні «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Zoom» платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы
аграрлық секторды дамыту бойыншаөңірлік Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, Экспортқа бағдарланған дақылдар егістіктерін ұлғайтуды қамтамасыз ету және «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасына сәйкес Тарбағатай, Ұлан, Көкпекті ауданындарындағы ірі қара мал бордақылау алаңдарын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.
«Аграрлық сектор өңіріміздегі маңызды салалардың бірі. Осы саланың жұмысын жандандыруға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асыруымыз қажет. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аграрлық сала бағытындағы бастамалар уақытылы жүзеге асырылуы қажет деді»- Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.С. Сүлейменов.
Сонымен қатар жиын барысында «КазАгроҚаржы" АҚ және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мекемелері басшыларының Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға жәрдем көрсету жөніндегі есебі тыңдалды.
