Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ресми парақшасы ашылғандығы жөнінде хабарлаймыз.

https://www.facebook.com/%D0%9D%D2%B1%D1%80-%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B-%D0%90%D2%9B%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8B-111417047999354/

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

«Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ресми парақшасына қош келдіңіздер.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер халықтың көңіл-күйі мен қоғамдағы мәселелердің айнасына айналды. Біз әлеуметтік желілерді халықпен жедел байланыс орнатуда пайдаланып келеміз.

«Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылады.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Ауданымызда осы сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөнінде жол картасы дайындалған. Оны іске асыру барысында біз нақты істерді жүзеге асырудамыз.

Сіздер әлеуметтік желідегі осы парақшаға өздеріңіздің ұсыныс – пікірлеріңізді, мұң – мұқтаждарыңызды, басқа да мәселелеріңізді қалдыра аласыздар. Сондай – ақ, осы жерден Сіздер басшылардың қабылдауына да жазыла аласыздар.

Біз Сіздермен үнемі байланыстамыз!

Құрметпен,

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов

0
0
193

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ресми парақшасы ашылғандығы жөнінде хабарлаймыз. - Yvision.kz